Бақыттың кілті - білімде  - на bugin.kz
Аяжан Маханбетова - на bugin.kz Аяжан Маханбетова

Мамандық таңдау - жастар ісі

Әр адам бақытты болуға лайық. Бұл Ата Заңымызда да тайға таңба басқандай айрықша көрсетілген. Жарық дүние есігін ашқан кез келген перзент балалық шақпен қош айтысып, үлкен өмірге қанат қомдаған кезде болашағы туралы ойланады. 

Яғни, жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, бақыттың кілті – білімде екенін қаршадайдан ұғынып, кемел келешекке сеніммен көз тігеді. Сол жолда адам баласы екі нәрседен қателеспеуі керек болса, соның бірі мамандық таңдау екенін де есте ұстағанымыз жөн. Бұл таңдау жастардың өмір жолының бастамасы деуге болады. Мектеп қабырғасынан жоғары оқу орнына үлкен таңдаумен аяқ басатын болашақ студенттер үшін мамандық таңдау ең басты және бірінші мәселе. Мектеп қабырғасында жүргенде әр бала өзін тек бір мамандықта көре алуы қажет. Сонда ғана ол тұлға мамандық таңдаудан қателеспейді.

Қазіргі заманда алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасынан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін айта аламын. 85 жылдық тарихы бар ҚазҰУ-ды біздің мемлекетімізде барлығы дерлік таниды және біледі деп ойлаймын. Дәл осы оқу ордасы еліміздегі ең мықты және алдыңғы қатарлы университет екендігіне ешкімнің келтірер күмәні жоқ деп білемін. 

Қазіргі таңда мен де осы университеттің студенті қатарындамын. Еліміз бойынша маңдайалды іргелі оқу орындарының бірі саналған ҚазҰУ-де білім нәрімен сусындап жатқандар арасында өмірде белсенді, білімге құштар жастардың көптігі марқайтады. Тыныштықты ту еткен Отанымызда болашақ иелеріне жасалған жарқын бастамалар жемісін беретін күн алыс емес деп сенеміз.

0 Пікір Кіру