Weekend

Әлем таныған Абай

Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жылдың қыркүйек айында президент Қ.Тоқаев азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік юстицияны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты оңалту, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру және т.б. жалпыұлттық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын бекітті. 

Осы жолдау бойынша халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформалар жүзеге асып, 2019 жылды абыроймен аяқтадық. Күні кеше келіп жеткен 2020 жыл айтулы оқиға мен мерейтойларға толы болмақ. Елеулі оқиғалардың бірі - ұлы Абайдың 175 жылдығы. Басшымыздың жолдауы аясында мерейтойға қызу дайындық 2019 жылдан басталып кеткен болатын.

"Өткенін білмеген болашағын болжай алмас" демекші ұлылығымен қазақты күллі әлемге таныта білген, тек әдебиетте ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихында ойып алар орны бар хакім Абайды өзіндей танып білу - ұлтын сүйген әр азаматтың асыл парызы. Абай дегенде мағынасы мен сөзі жарасқан ақ өлең де, ойлы сөз де, әсем әуен мен ерекше  көзқарас та бір арнаға тоғысып елестейді. Осынау таудай талант пен талапты бір ғана өне бойына дарытқан Абай Құнанбайұлы қай қырынан болсын қазақты ғана емес,дүниежүзі  халықтарын мойындатқан ұлы тұлғалардың бірі әрі бірегейі.

Француз ақыны Луи Орагон Абайдың данышпандығына таң қалған болатын. Ол французда Абайға тең келер ақын жоқ, болған емес деп, оның шығармаларын 19-ғасырдың ең үздік классикасы деп бағалаған. Сонымен қатар, «Соңғы жылдары Бейжіңде «Абай оқуларын» өткізу тамаша дәстүрге айналған. Тіпті, Қазақстанның Қытайдағы елшісі: "Абай қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы әрі ойшылы ғана емес, ол - Қазақстанның шетелдегі халықтық дипломатиясының нышаны" деп атап өткен.

"Өлең сөздің патшасы" деп жырлаған Абайдың ақындық қыры қазақ әдебиетіне жаңа серпін мен жаңа көқарас енгізгені барша жұртқа мәлім. Ұлы тұлғаның терең мән мен мағына үстейтін өлеңдері, ақындық қасиеті бір төбе болса, терең ой мен дүниетанымының ішкі мазмұны,өзіндік философиясы - бір төбе.

Бар ғұмырын ілім-білімге арнап,қашан да адами қасиеттерді бәрінен биік қойған Абай адам баласының дұрыс жолда өмір сүруіне керекті қасиет пен мінезді саралап,оны көп шығармаларының арқауы етті.

"Әнді сүйсең менше сүй" деген ақын өсиеті де тегін айтылмаса керек. Бүгінгі ұлт­тық­ му­зы­ка­ әлемінде «Абай сти­лі» деп аталатын ақын­ның му­зы­ка­лық мұрасы – соның айғағы.

Абай өмірден өткелі бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ол көтерген мәселелері,айтып кеткен ойлы сөздері күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Бұл оның көрегендігінің,даналығының айқын дәлелі емес пе?

Абай қашанда қазақ үшін ұлы есім болып қала бермек және бұл есім мәңгі жасайды. Оның өмірі мен шығармашылығы қазақ елі үшін биік әрі жарқын болашақтың бағдары іспеттес. Сондықтан,Абайды білу әр ойлы жастың парызы.