Саясат

Хиджаб қана емес, қысқа етек киген оқушылар да мектепке кіре алмайды

Заң бәріне ортақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы кездері дауға іліккен орамал мәселесі әлі шешімін таба алған жоқ. Себебі білім беру саласының мамандары өз тарапынан заң жүзінде жұмыс жасаса, ата-аналар керісінше балаларының орамал тақса да білім алуға құқысы бар екенін алға тартып отыр. Мәселе діни сенімге келіп тірелетіндіктен мұның жалғыз жауабын заң арқылы табуға болатынын қоғам да біліп отыр. Тек бұл ғана емес, ендігі жерде орамал тағатын оқушылар ғана емес, етегіне қысқа белдемше киген (мини-юбка) қыздарымыз да мектеп қабырғасына кіре алмайтын болады. 

Дәл қазір осы мәселе бойынша ҚР-ның Қоғамдық даму министрлігі жұмыс жасап жатыр. Ақылдасып пішкен тон келте болмас деген қазақтың сөзінде жан бар. Егерде бұл заң күшіне енетін болса, тәрбиені отбасынан және мектептен бастауды қолға алатын едік.