Weekend
Аустралия жерінде...
Әлем бойынша түсінің әралуандығымен ерекшеленетін көл Аустралия жерінде орналасқан. Елдің батыс жағалауында орналасқан бұл көлдің түсі қанқызыл түсті.
Ұзындығы – 600 метрді құрайды. Оны мұхиттан аз ғана құм жағалауы бөліп жатыр. Көлді бірінші рет 1802 жылы Сиднейге бара жатқан жолында британ теңізшісі М.Флинндерс көрген. Бұл көлге барғысы келгендер тек әуе көлігімен ғана жете алады.
Жыл сайын туристер бұл көлді көруге көптеп келеді екен. Көлдің ерекшелігі – суының қанық алқызыл түске боялғандығы. Ғалымдардың айтуы бойынша су ішіндегі балдырлардан деп тұжырымдаған. Бірақ бұл зерттеу шындыққа жанаспады.