Bugin
Миллиондаған туристер...
Адамдардың көбі демалысқа бармай тұрып, көргісі келген жерлері жайлы ақпарат жинайтыны белгілі. Ендеше 2019 жылы саяхаттауға арналған ең керемет қалалардың рейтингіне көз жүгіртіп көрелік.
1. Париж. Париж қаласы да саяхатшылар үшін керемет бағыт. Мәдени және тарихи орындар көп. Ауа райы да жайлы. Қалада танымал Диснейленд балалар бағы бар. Бірақ Париж қымбат қала. Басқа еуропа қалаларына қарағанда әжептәуір қымбат.
Жылына Парижге 17 млн турист келеді.
2. Дубай. Бұл қаланың қызмет көрсетуі өте жоғары, келбеті де жыл сайын көрікті боп келеді. Соның арқасында туристтердің көп келетін жеріне айналды. Жағажайы таза, керемет ойын-сауық орталықтары бар. Бұл қаланың да кемшілігі сол - қымбаттығы.
Жылына 15 млн турист келеді.
3. Нью-Йорк (АҚШ). Америкаға жолы түскен кез келген турист алдымен Нью-Йоркке барғысы кеп тұрады. Өйткені мұнда Рокфеллер орталығы, Гуггенхайм мұражайы, тарих мұражайы, БҰҰ штабы секілді және т.б. аты аңызға айналған көрнекті орындар бар.
Жылына 13 млн турист келеді.