Экономика

Пара алу: Қорғаныс министрлігінің генералы күдікті ретінде танылды

Пара алды деген күдікпен Қазақстанның қорғаныс министрлігінің генералы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкерелеген. Ол сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы.

Ведомство мәліметінше:

- қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруға;

- ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге;

- жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан қомақты мөлшердегі параны жүйелі алу күдігіне іліккен.

Күдікті кінәсін мойындаған. Сонымен қатар қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірген. Биыл 31 қаңтарда күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау шарасы таңдалған. Ал түпкілікті шешімді сот шығарады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61