Weekend

Бес қыздың өмірден өткеніне - 1 жыл

Дәл осы күні жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртенді.

- Астанада жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес бала қазаға ұшырады, - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Өртке қарсы күрес қызметі өкілдері өрт болған үйдің орнынан қаза болған бес баланы тапқан. Балалар үйде жалғыз болған деп хабарланды. Бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала қаза тапқан еді. Қаза болған балалар 5 ақпанда жерленді.