Bugin

Азық-түлік бағасы көтерілді: Қазақстан-Қытай арасындағы тауар тасымалы тоқтаған жоқ

Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы тауар тасымалының тоқтамағанын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда бірқатар тауар сатушылар Қытаймен шекараның жабылуына байланысты бағаны көтеріп жатыр.

Сауда және интергация министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, саудагерлер азық-түлік бағасын көтере бастаған. Соған байланысты Қазақстан Қытайдан да, Қытайға да тауарлардың қозғалысын тоқтатпаған.

Министрдің айтуына қарағанда бұл бағаны көтеру үшін осы сылтауды пайдаланатын бизнестің теріс пиғылы.

Сондай-ақ министр азаматтарға егер осындай жағдайлардың, базарлардағы немесе бөлшек сауда орындарындағы бағаның қымбаттауы фактілері болса, сенім телефонына қоңырау шалуға болатынын ескертті.