Weekend

Ең ірі жарнама беруші компания анықталды

Amazon әлемдегі ең ірі жарнама беруші болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Amazon әлемдегі ең ірі жарнама беруші компания атанды. Оған әлемдік жарнамалық шығындардың 2%-ы тиесілі. Бұл туралы GroupM жетекші жарнама холдингі хабарлады.

Олардың жарнамаға бөлген жылдық шығындары 2019 жылы -  2,8 млрд долларға өсіп, он жылда 11 млрд доллар болды.

Компания 10 жыл ішінде жарнамалық шығындарды 20 есеге арттырған. 2009 жылы - 593 млн доллар болса, 2019 жылы - 11 млрд долларға өскен.

Сондай-ақ жылдық есепте Amazon-ның сатылымы 280,5 миллиард долларды құрады. Соның ішінде жарнамаға — 11 млрд доллар, өзге шығындарға — 7,9 млрд доллар жұмсалған.

Айта кететін жайт, бұған дейін ірі жарнама беруші Procter & Gamble болды.