Спорт
«Қазақ күресі» пән ретінде енгізілуі мүмкін
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБақдаулет Сәбитовтің айтуынша, жасөспірімдер арасында осы Қазақ күресінен біріншілік алғаш рет Ақтау қаласында өткен. Ол бұл жобаның қолдау тапқанына қуанатынын да айтып өтті. Бас хатшының айтуына қарағанда, жылдан жылға ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Соған байланысты жаңа оқу жылынан бастап осы спорт түрін мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланған. Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстауда пилоттық жоба ретінде іске асыру жоспарланып жатыр. Қазіргі таңда бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынған.
Қазақ күресі:
- 1-4 сыныптарға - акробатика ретінде;
- 5-11 сынып оқушыларына арнайы пән ретінде өткізіледі.
Сонымен қатар қыз балалар да аталмыш спортпен айналыса алады.