Weekend

«Евровидение» байқауы: Димаш Ресейдің атынан қатыса ма?

Димаш Ресейдің атынан "Евровидениеге" қатысқалы жатқан жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Евровидение" халықаралық байқауына қатысу Димаш Құдайбергеннің жоспарында жоқ. Бұл туралы "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова айтты.

Жанғазинованың айтуынша, әлеуметтік желілерде Димаш Евровидениеге қатысады деген кезекті жалған ақпарат тарап жатыр. Сәйкесінше әнші өтініш берген, шорт-параққа іліккен және тағы басқа. Ол ресми түрде аталмыш ақпараттың жалған екенін айтты. Димаш Құдайберген бұл байқауға қатыспайды. Оның айтуына қарағанда, қазіргі кезде Димаш Ресей мен Еуропада өтетін концерттерге дайындалып жатыр.

Димаш Құдайберген Ресей мен Еуропада 11 концерт береді. Тур 16 ақпанда Краснодар қаласынан басталады.