Weekend

Димаш: халықаралық байқауларға Отаным - Қазақстанның атынан ғана қатысамын!

Димаш Евровидениеге Ресей атынан қатыспайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

3 ақпан күні Ресейлік БАҚ-та Димаштың Ресей атынан Евровидение байқауына қатысуы мүмкін деген жаңалық шықты. 

Жаңалықты алғаш болып "Super" басылымы жария еткен еді. Қазақстандық жанкүйерлер Димаштың өзге ел атынан қатысуына екі түрлі пікір білдірді. Бірі қолдаса, екінші тарап қарсы болды. 

Бұл жаңалық бойынша Димаш өзінің инстaграм парақшасына былай деп жазды: "Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!" 

Осылайша Димаш Құдайберген Ресей атынан байқауға қатыспайтынын жеткізді.