Саясат

Екі рет құлады: Путин неліктен орыс ұлтының «атасы» бола алмайды?

Ресей президенті не жасырады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғамдық пікір қауымдастығы Ресей халқынан «Президент сайлауы осы аптадағы жексенбі күні болса, кімге дауыс берер едіңіз?» деген сұраққа жауап алуын тоқтатты.

Негізінде бір кездері басқа мемлекеттік органдар осындай сауалнамаларды жүргізуден бас тартқан болатын. Ал «Левада» орталығы бірнеше айда бір рет қана сауалнама жүргізеді деп келісілген.

Бұрын бұл сауалнамалар Кремльдің мақтанышы ретінде танылды. Себебі ол кезде халықтың 65-70%-ы Владимир Путинге дауыс беруге дайын болды. Алайда соңғы алты айда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеді. Қоғамдық пікір қауымдастығының соңғы сауалнамасының нәтижесі 19 қаңтар күні жарияланған еді. Мәліметтерге сәйкес, Путиннің танымалдылығы екі есеге дейін төмендеп, 45%-ды құрады.

Өткен жылдың соңында әлеуметтанушылар «ашық» сауалнама нәтижелерін жариялауды тоқтатқан болатын. Ол жерде «Сіз қай ресейлік саясаткерге сенесіз?» деген секілді сұрақтар қамтылды.

Өйткені мұндай еркін сауалнамада халықтың 29%-ы ғана Путинге дауыс берді. Көрсеткіштің нәтижесінен Путиннің қазақтың «елбасы» немесе түрікменнің «түрікменбашы» сияқты орыс ұлтының «атасы» бола алмайтыны көрінді. (Мұндай атаққа ие болу үшін сізге кем дегенде халықтың 80% қолдауы қажет).

Путиннің қазіргі конституциялық реформаларының барлығы дерлік жеке билігі үшін емес, жай ғана қазіргі режимді сақтау құралы болуы да мүмкін.

Ресейлік саясаттанушылар мен сарапшылар Путиннің емделуі мүмкін емес ауруға шалдыққанын ашық түрде айтып жүр. Мысал ретінде Валерий Соловейдің бір кездері Путин туралы хабарлағанын айтуға болады.

Оның айтуынша, конституция төңірегіндегі әбігерліктің көбісі Путиннің жақындарын қорғауына арналған. Ол 2022 жылы Ресей саясатында Путин болмайды деп есептейді. Бүгінгі күнде әлеуметтанушылар Ресей президентін өлі адам ретінде айтады. (Яғни жақсы дейді немесе ештеңе демей-ақ қояды).