Саясат
Қытайлар Ресейге Қазақстан арқылы кіруде
"Қытайда пайда болған қауіпті індетті таратпау үшін Қытаймен шекараны жабу аз" дейді Жириновский.
Ресей саясаткері әуе жолдарын ғана жауып қоймай, сонымен қатар көлік жолдарын да жабу маңызды екенін атап өтті.
- Біз шекараны жаптық, үкіметтің бұл әрекетін қолдаймыз, дұрыс. Алайда жабылмай, үңірейіп тұрған бір саңылау бар. Қазақстан арқылы қытайлар күні-түні автобустарға отырып, көлік жолдарымен Ресейге кіріп жатыр, кіріп жатыр, — деді Жириновский.
Жириновский бұл мәселені жедел әрі барынша қатаң шешуге шақырды. "Көлік жолдарын жауып, автобустарды кері қайтару керек немесе Қазақстан-Қытай шекарасын тас бекіту қажет", - деді ол.