Hi-Tech

Жаңа технологиялар адам өмірін 500 жылға ұзартады

Адам өмірін ұзарта аламыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі замандағы жаңа технологиялардың даму үдерісі өте қарқынды жүруде, адам өмірін 500 жылға дейін ұзартуға болады дегенді естуіңіз бар ма?

Әлемдік ғалымдардың  зерттеуінше, дәл қазіргі заманда, адам салауатты өмір салтын ұстанатын болса 120 жасқа дейін өмір сүруге болатынын хабарлайды. Бір таңқаларлығы жаңа технологияларды пайдалану арқылы оны 500 жылға ұзартуға болады екен. Яғни, болашақта адамның ескі ағзаларын, жаңалауға және нейробиология көмегімен мидың жұмысын бір қалыпта сақтауға болатынын айтады.

Ең алғаш адамды қартайтпау вакцинасын испандық ғалымдар ойлап тапқан болатын, ақуыздардың жұмысын реттеуіш вакцинаның көмегімен, кәрілікке келе жатқан адамды жасартып алуға болатынын дәлелдеді. Медициналық практикада қолданылып та көрді, яғни бұлшық етке вакцинаны егу арқылы адам бойындағы кәрілік баяулайтынын аңғарған.

Жылдан жылға жаңа технологиялар дамыған сайын адам баласының қолынан келмейтіні жоқ екеніне көзіміз жетуде. Бұл дамулар адам үшін пайдалы бағытта жұмсалғаны абзал, себебі көп жағдайда  ауыр қасіретке әкеп соғатындығында білеміз.