Экономика
Қазақстанға мүмкіндік
Қытайдағы вирустың салдарынан Ресейде сарымсақ жетпей жатыр. Ресей нарығындағы сарымсақтың 80%-ы Қытайдан келеді. Бұл туралы «Ведомости» басылымы жазды.
Ал Ресей сарапшылары болса, енді елде мүлдем сарымсақ қалмауы мүмкін, ал дүкен сөрелері қазірдің өзінде босап жатыр. Сарапшылардың пайымдауынша, Ресей өз-өзін сарымсақпен тек қана 2021 жылы қамти алмақ.
Қытайдағы вирустың салдарынан шекара жабылғандықтан, Ресей нарығында жеміс-жидектің бағасы өсіп кетті. Мысалы, Якутияда қызанақ пен қиярдың бағасы екі есе көтерілген.