Weekend

Туризмнің қарқыны жоғары елдер: Қазақстан үздіктердің қатарынан көрінді

Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары елдер қатарына енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміз туризмнің қарқыны жоғары ТОП-20 елдің қатарына кірді. Аталмыш мәліметті БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) ұсынып отыр.

Мәліметтер бойынша, 2019 жылы Қазақстан 20-орынға жайғасқан. Яғни, өсім - 10%.

Литва (10,1%), Израиль (10,5%) және Әзірбайжан (11,4%) Қазақстаннан жоғары орналасқан.

Көшбасшылар үштігінде:

1-орында Мьянма (40,2%);

2-орында Пуэрто-Рико (31,2%);

3-орында Иран (27,9%) орналасқан.

Ал көршілес Өзбекстан туристердің ағынын 27,3%-ға ұлғайтып, төртінші орынға жайғасты.