Денсаулық

Жарақат алған адам денесіне алғаш рет шошқа терісі салынды

Трансплантация

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Массачусетск көпсалалы ауруханасында АҚШ дәрігерлері алғаш рет күйіктен зардап шеккен пациентке гендік-модификацияланған шошқа терісін ауыстырып салды (трансплантация жасалды). 

Терісі ауыстырылған адамдардың саны - алтау. Мамандардың пікірінше, гендік-модификациялау технологиясы тері мен ағзаларды трансплантациялауды қажет ететін адамдарды емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазір шошқаның ішкі органдарын алып, гендік жағынан өзгертіп адам ағзасына салу жұмыстарымен қытай мамандары айналып жатыр. 

Massachusetts General Hospital (MGH) хабарлағандай, хирургтар адамдардың күйіп қалған терілерін сыпырып алып, жарақаттың үстіне әкеп шошқа терісін "қондырған". Ал бұрын мұндай операцияларға донорлық тері қолданылған еді. Алайда донорлық тері өте тапшы болғандықтан, дәрігерлер шошқа терісіне жүгінген. 

Ғалымдар тобының жетекшісі Джереми Говерманның пікірінше, гендік-модификациялау технологиясы тері трансплантологиясы қажет пациенттерді емдеу үшін жаңа белес. Гендік-модификациялау технологиясы көмегімен тек шошқаның терісінен ғана емес, басқа да органдардан қауіпті вирустардан арылуға болады, сонымен қатар трансплантологтардың мүмкіндіктерін айтарлықтай көмегін тигізбек.