Саясат

Чжан Сяо: Қарағанды студенттері Қытайдың вирусты тез жеңіп шығуын тіледі

Елші фейсбук парақшасына арнайы видеосы жүктеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо өзінің Фейсбук парақшасына түрлі сипаттағы саяси мақалалар жариялап тұрады. 

4 ақпан күні Чжан Сяо Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері Қытайда болып жатқан індетке байланысты Ухань қаласының халқына шыдамдылық тілейтіні жайлы видео жариялада деп жазды. Видеодағы студенттер қытай тілінде сөйлеп тұр. 

- Шыда Қытай! Шыда Ухань! 3 ақпан күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері өздерінің видеолары арқылы коронавирус эпидемиясын Қытай мемлекеті тездетіп жеңіп шығуына тілек білдірді, - деп жазды Қытай елшісі өз парақшасында. Сондай-ақ, ол 5 минуттық видеоны қоса ілген.