Әлем жаңалықтары

АҚШ-та мүгедек Барби Қуыршақтар шығарыла бастады

Креслода отырған қуыршақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маусым айында Американың Mattel компаниясы сол аяғында протезі бар, креслосында отырған Барби қуыршағын шығармақ. 

Өндірушілердің айтуынша, мұндай ойыншықты шығарудың басты мақсаты - балаларға адамның бойындағы физикалық кемшіліктер мен оның сұлулығы әбден үйлесімді екенін түсіндіру.

Жаңа қуыршақты 13 жастағы Джордан Ривз жасап шықты. Жаспөспірімнің сол жақ қолы жоқ, туғанынан мүгедек. Ал кресоны жобалаған Калифорния университеті жанындағы балалар клиникасы мамандары. 

Естеріңізге сала кетейік, Барбидің алғашқы қуыршағын 1959 жылы АҚШ-та Висконсин штатында шығарылды. Ойыншық жасаушылар-ерлі-зайыптылар Рут және Эллиот Хэндлер. Қуыршақ алғаш рет екі нұсқада сатылды — аққұба және брюнет қыздар.