Weekend

Минимализм өмір сүру салты жайлы не білесіз?!

Минимализм стилі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі қоғам  қарапайым заманнан алыстап кетті. Және де  адамзат ойын - басты нүкте ретінде қарастыратын болды. Сонымен қатар, бұрын фантастика деп саналған идеялардың көпшілігін сәтті IT жобалар ретінде жүзеге асыруда. 

ХХІ ғасыр адамдары технологиялар әлемін белсенді дамыта отырып, біртіндеп өзіне  емес, туындыларына тәуелді қоғамға айналуда. Оған дәлел көп жағдайда жарнама және қоғамдық пікірді ескеріп, бізге аса қажет емес заттарды сатып алуымыз. Сол арқылы  өзімізді жеке кеңістіктен айыруымыз деп ойлаймын. Жеңілдіктермен сатылатын тұрмыстық техниканы, гаджеттерді бізге аса қажет болмаса да сатып алуға тырысамыз. Нәтижесінде ойлау жүйемізді бір зат айналасына ғана шоғырлануға алып келеміз. Және де  жеке ойларымыз бен армандарымыздан бас тартамыз. Мұндай жағдайға түсуіміздің басты себепкерлері маркетологтар мен PR мамандары болып табылады. Олар бізге әлемді тануға көмектеспейді, керісінше бізге заттарын сату арқылы, ойлау жүйемізді шектейді.

Адамзат сан ғасырлар бойы өз өмірін жеңілдетуге талпынып келеді. Осы ретте ақылды адам өз сұрақтарына жауап іздеуге емес, табиғатпен күресуге көп уақыт жұмсауы керек еді.  Адамдар ауруларымен күресу кезінде, өз қалауын біраз уақытқа ұмытып кетті. Енді өмір сүру мәселелері әрқайсымыз үшін маңызды емес болмаған сәтте, олар физиологиялық қажеттіліктерді басшылыққа ала отырып, өзін-өзі қанағаттандырудың ең қарапайым жолымен жүруге тырысуда. Бұл қажеттіліктер негізінен жануарларда болады. Өйткені олар үнемі тұтынуға бағытталған. Алайда біз өзімізді ақылды жаратылыс деп санайтындықтан, оны тұтынып қана қоймай, тұтынған заттарымды қайтара білуімізде керек. Бұл бәрі үшін өте маңызды құбылыс болып саналады.

Өз ойын білдіру дегеніміз - адамның физикалық және психикалық жағынан да өз күшімен жасаған дүниесін сыртқа шығару. Көбіне біз өзгелердің пікіріне сүйене отырып, көпшіліктің нұсқауын орындауға тырысамыз. Сонымен көпшілікке қосылған күйде, өз мақсатымызға жетеміз. Дегенмен нәтиже  қандай болады?  

Сіз жұмыс істеп, ақша табасыз. Алайда  бір сәтте өзіңіздігі ауырлықты сезінесіз. Маңдай теріңізбен тапқан ақшаның қуанышты шығындарға емес, көзге көрінбейтін жерлерге кете беретінін байқайсыз. Тіпті үйіңіз өзіңізге тар болып көрінуі мүмкін. Оған себеп, тастауға қимай жүрген заттарыңыздың  шамадан тыс көбейіп кетуі. Олардың барлығы да  сіз дүкенде қызықты зат ретінде сатып алып, кейіннен қолданбай қалған дүниелеріңіз. Ал сирек болатын демалыс күндерін, сіз қоқысты арнағыңыз келмейді. Оған қоса сіз біршама жаңа заттарды сапарға шыққанда қолданамын деп ойлауыңыз ғажап емес. Алайда  ұзақ сапарға шыққанда үлкен чемоданды пайдасыз заттармен толтырып алсаңыз,  саяхаттау барысында оның ауырлығынан зардап шегесіз. Ақыр соңында, сіз алған заттардың жартысы сіздің жақсы демалуыңызға кедергі болады. Сол үшін өмірдегі тәртіпті қалпына келтіріңіз. Ол  үшін басқаша ойлануға тырысыңыз. Сізге ұнайтын заттар жайлы емес, шын мәнінде көмегі тиетін дүниелер жайлы ойланыңыз. Бұл туралы әр күн сайын ойлай берсеңіз,  өмірге басқаша қарайтын минималистке айналасыз. 

Минимализм - өзінің таза түрінде, артық нәрсенің бәрінен бас тарту. Ешнәрсені қажет етпей,  ауыртпалықсыз алға ұмтылу. Және сол арқылы көп нәрсені білуге талпыну.  Артық заттардан құтылу үшін тез және ақылды болу керек. Оған қоса даму барысында өміріңіздегі маңызды нәрсені жіберіп алмауыңыз шарт. Жұмыс орныңызға, ас үйіңізге қарап шығыңыз. Әр заттың өз орнын табуға тырысыңыз. Егерде затыңызды қоюға орын табылмай жатса, оны қажет емес заттар тізіміне қосыңыз. Бірақ оларды тастауға асықпаңыз . Өйткені ол  заттарды мұқтаж адамдарға бере отырып, игі іс жасай аласыз.

Өзіңізге ұнаған нәрсені жиі істеуге тырысыңыз. Сол арқылы  қажетсіз телефон сөйлесулеріне, теледидар көруге немесе ұзақ уақыт әлеуметтік желілерде отыруға алтындай қымбат уақытыңызды жұмсамаңыз.  Үйде тәртіп орнатып, белгілі бір күнделікті жұмыс жасай отырып, сіз қанша бос уақытыңыз бар болатынын байқаңыз.

Ең бастысы, шектен тыс минимализмге салыны кетпеңіз. Адам әрдайым минимализмге мұқтаж емес екенін ұмытпаңыз. Егер ол өзгеріске ұшырағысы келсе ғана, оны жасауды қалауы мүмкін. Адамдар әлемге минималисттің көзімен қарайтын болса, мыналарға қол жеткізуіне болады:

1. Өзіне керек нәрсені табады. Белгілі бір затқа әрдайым жадынан орын бөліп, оның қайда жатқанын әрдайым есінде сақтайды. Сонда  жоғалған шұлықты немесе блузканы табу үшін жарты сағат бойы шкафтардың ақтарудың қажеті болмайды. Сондай-ақ, жұмыста - қай жерде қандай құжат бар екенін жақсы біліп, билік органдарының тапсырмаларын жылдам орындай алады.

2. Кішкентай нәрселер туралы уайымдамайды. Өмірін ақылмен жоспарлай бастап, кез-келген тосынсыйлар  сізге кедергі болмайды. Ақыр соңында, сіз оларды өзіңіз алдын-ала  болжай аласыз.

3. Ол үшін өзіңізге біршама бос уақыт ажыратыңыз.

4. Өзін дамытуды қазірден бастайды.

5. Өзіне  ұнайтын дүниелермен жиі айналысады.

6. Айналаңыздағы адамдарға, әсіресе жақындарыңызға мейірімді  болуды үйренеді.

7. Әлемнің  тек жақсы жақтарын көре алады.

8. Өз мақсаттарына жете бастайды.

9. Өзгелердің өзіне  деген қарым-қатынасын жақсы жаққа өзгертуден қорықпайды.

10. Жаңа бағыттарға бет бұрады.

11. Ең маңызды дүние артық қоқыстармен бірге, өз өміріндегі  жиналған наразылықтар мен түсінбеушіліктерді ұмытады. Көп жылдар бойы адамдар керек емес заттарды ғана емес, сонымен қатар артық салмақ пен  қайғылы ойларды да жинайды. Олардан құтылу үшін, арнайы диета, немесе жиі медициналық процедураларға барудың қажеті жоқ.  

Ең алдымен кішкене қадамдар жасап, бұрынғы қалпыңызға келуге тырысып көріңіз. Жұмыс, үй, түрі мәселер туралы ойлармен өмір сүрмеңіз. Сізді не қызықтыратынын анықтаңыз, олар - хобби, саяхат немесе отбасы. Дұрыс минималистік өмір салтына бару үшін, алдымен сізгк қажет нәрсені түсіну керек. Содан кейін өзіңіз жасаған материалдық және психикалық қиындықтардан барынша арылыңыз. Түрлі қоқыс ойларға қарамай, өзіңізден бақыт іздей бастаңыз. Адамдардың жүректерінде  көптен бері келе жатқан шынайы тілектері, оларды  өздері қалаған өмірге жеткізуі мүмкін. Сөз соңында, бәрі өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61