Саясат
Қытайдағы геноцид
Қытайда бір ғана Ақши ауданынан концлагерьге 22 мың қырғызды алып кеткен. Бұл туралы ҚХР-дағы қырғыздарды қорғау комитетінің өкілі болған Алманбет Осмонуулу арнайы пресс-конференцияда хабарлады.
Оның айтуы бойынша Ақши ауданында барлығы 40 мың қырғыз өмір сүреді. Алманбеттің сөзінше, қырғыздарды лагерьге жіберу олардың діни көзқарасына еш қатысы жоқ.
- Қытайдағы қырғыздар ешқашан ислам дінінің фанатиктері болған емес. Ұсталғандардың арасында дінді маңызды санамайтындар өте көп. Мысалы, профессор Мамбеттурсун Мамбетакунов немесе менің інім, журналист Нурманбет Осмон. Оны террорлық әрекетке бармақ болды деп айыптады, — дейді ол.
Оның айтуы бойынша қазіргі таңда лагерьде жатқандар мен Қырғызстандағы саяси баспана сұрап, қашқандардың өміріне қауіп төніп тұр.
- Біз өміріміз бен бас бостандығымыз алдында тәуекелге барып отырғанымызды білеміз. Алайда біз үнсіз отыра алмаймыз. Қытай Қырғызстаннан бізді кері қайтаруды талап етуі мүмкін. Біз Отанымыздың олай етпейтініне сенім артамыз, — деді Алманбет Осмонуулу.