Қоғам
Коронавирустан өлгендерді жағып жатыр
Қытайдағы Ухань қаласының крематорийлерінің қызметкерлері шағымдануда. Өйткені жұмыс көлемі көп. Бұл туралы The Epoch Times хабарлайды.
Эпидемияның өршуіне байланысты мәйіт де көбейіп кетті. Ал қызметкерлер олардың ауруханаға тасып шаршауда. Олардың бірі қаңтар айының соңынан бастап демалыссыз жұмыс істеп жүргенін айтады.
Уханьда бұл жұмысты атқаруға қол жетіспейді.
- Біз күн сайын мүрделерді тасымалдау үшін, кем дегенде, 100 қапты пайдаланамыз, — деді басқа жұмысшы.
Портал мәліметтері бойынша, жергілікті билік коронавирустан қайтыс болғандардың денелерін өртеуді тапсырған. Бұл ретте жерлеу бюросының қызметкерлері адамның коронавирустан немесе басқа себептермен қайтыс болғанын білмейді және инфекциядан қорғану киімдері мен маскаларын киюге мәжбүр. Осыған байланысты жұмысшылар көп сағат бойы тамақ іше алмайды, өйткені қорғаныс киімдерін қайта пайдалануға болмайды.