Сараптама

Технократиялық билік деген не?

Неге әлем елдері технократтық билікке өтіп кетпейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Әдетте Грекия мен Италия сияқты парламенттік жүйедегі елдерде билік парламетпен мақұлдануы шарт. Көбіне бұл үшін бірнеше партияның келісімі керек. Және сол арқылы билікті қолдауға коалиция құрылады. 

Осы «коалициялық келісім» аясында министрліктердің басшылары (АҚШ-та хатшылар) әр тарапқа бөлініп, өз партияларының өкілін тиісті министрліктің басшысы етіп тағайындайды. Сонымен қатар, тараптар «премьер-министрмен» үкіметті басқаруға келіседі, бірақ ол коалициядағы ең ірі партиядан шығуы шарт емес. Ал президенттік жүйелерде министрлерді тағайындауда президенттің еркіндігі бар.

Технократиялық билік қандай болады?

Мұндай билікте министрлер кәсіби саясаткерлер болмайды. Іс жүзінде кейбір жағдайларда олар тіпті саяси партиялардың мүшесі де болмауы мүмкін. Себебі тиісті министрліктерде оларға баламалы «сарапшылар» бар.  Мысалы: Қаржы министрінің экономикалық салада академиялық білімі бар, Халықаралық волюта қорында бірнеше жыл қызметте болған, бірақ бұрын лауазымға ие болмаған не сайлау науқандарына араласпаған адам болуы мүмкін.

Премьер-министр де «технократ» па?

Кейде болуы мүмкін. Алайда ол міндетті емес. Ірі партияның технократиялық билікті басқаратын премьер-министрі немесе тек технократтың премьер-министр бола алады. Грекия мен Италия үкіметтерінің жағдайында, премьер-министр технократ әрі экономист.

Неге елдер технократты билікті сайлайды?

Оған себеп: көбіне билік парламенттің қолдауын жоғалтып, түрлі себептермен жаңадан сайлау өткізетін негіздің болмауы. Егер партиялар жөні дұрыс билікті құра алмаса, олар уақытша технократты билікті қолдауға бітімдесе алады. Мұндай билік сайлауға дейінгі қысқа мерзімге тағайындалып, «уақытша билік» ретінде саналады. Елдегі ахуалдарды ушықтыру және мәселені күрделі қылып көрсету мақсатында көбіне мұндай билік «технократты» деп аталмайды. Жасырын (технократтық) биліктің болуы (Словакиядағы жағдай) кейде өзгеріс үшін өте тиімді. Көбіне аталмыш жасырын билікті «ақсақ үйрек билік» деп атайды.

Грекия мен Италияда не болды?

Аталмыш елдердегі жағдай «грекиялық не италиялық технократтық билік орнату» идеясы емес. Қазіргі сәтте бұл қарапайып парламенттік жүйедегідей елді басқаруға ғана уәкілеттік берілген технократты биліктер. Алдағы уақытта билік қолдаудан айырылып қалмаса өз үкімет басында қалуға құқылы.

Таңдаулы саясаткерлер қалайша ағымдағы үкіметі «технокартты билікке» айырбастай алады? Бұл дегеніміз шенеушіктердің, халық ойлайтындай, тек сайлауда жеңіске жетіп, мандат алуға деген құмарлығы емес пе?

Алғашында тек технократты билік қана «дана» әрі өзекті реформаларды жүргізетіндей көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, бұл алпауыт бір партияның өзекті реформаға қыруар қаражат шығарғысы келмегендіктен парламентпен мәмілеге келу арқылы технократтық билікті орнатуы. Осылайша, реформа теріс болып шықса кінәлі тек бір партия емес, бүкіл парламент болады.

Бұл іске асады ма?

Іс-жүзіндн жүзеге асауы ғажап есес. Біріншіден, саясаткерлер кінәлі болуға әркез мүдделі емес және кез келген партия саяси пайдаға қол жеткізу үшін технократты билікті құлатуға талпынады. Екіншіден, алпауыт партиялар уақытша билікті қолдағаны, экстремисттік партиялар да қолдайды дегенді білдірмейді. Польшада ЕО қосылуда парламенттегі алпауыт партиялар қолдады.

Шынымен де, технокарттық билік шағын партиялардың дамуына қолайлы орта болуы мүмкін. Себебі технократты биліктер өз міндеттерін орындау барысында қарапайым биліктерге қарағанда бюджетті азырақ жұмсайтыны анықталған зерттеулер бар. Бәлкім бұл технократты биліктің саясат жүргізудегі ерекшелігімен емес (аз шығын ж.т.б) саяси уәкілеттіліктерінің шектеулі болуымен тығыз байланысты.

Неге барлық елде технокартта билік жоқ?

Демократия қағидасы бойынша халық билікті сайлау арқылы таңдауға құқылы. Технократты биліктер сайлауға түспейтінін ескерсек, тұрақты технократты билігі бар демократиялық мемлекетті көрсету өте қиын. Алайда, технократты билікті орната алатын, үкіметті сайлауға құқылы тұлғаларды халық сайлайтын жүйелерді көре аламыз. Бұл жүйе «АҚШ сайлаушылар коллегиясына» өте ұқсас.

Технокартты биліктер Еуропаны құтқара ала ма?

Олар қысқа уақыттағы песпективалы саясаттардың жүзеге асуына оң әсерін тигізе алады. Бірақ ұзақ перспективадағы Еуропа мәселелерін шешу таңдаулы тұлғалардың еншісінде болуы керек. Демократия – жауапкершілік.