Саясат
Трамп импичменттен жеңіп шықты
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ демократиясына қауіп төндіруде, деп мәлімдеді Сенатта импичмент бойынша дауыс беру қорытындысынан кейін Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси. Бұл туралы Рамблер хабарлайды.
АҚШ Сенаты сәрсенбі күні екі айып бойынша Трампты ақтады – өкілеттікті асыра пайдалану және конгреске кедергі жасау. Осылайша, импичмент бойынша процесс нәтижесіз аяқталды, Трамп лауазымында қалды.
- Президент американдық демократияға үнемі төніп тұрған қауіп болып қала береді, өйткені ол өзінің заңнан жоғары екендігін және егер қаласа, сайлауды сатып ала алатындығын дәлелдеуде, - делінген Пелосидің жарияланған мәлімдемесінде.