Bugin

Ұлы даланың жеті қыры

Кеңістік - барлық нәрсенің, уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын бұл жобаның маңызы зор. Өз елінің тамыры терең тарихын ұмытпайтын, бүгінгі күні сол тарихын жандандырып, жаңарып өмір сүретін ел ғана болашаққа нық қадам баса алады. 

Жолдаудың басты мақсаты да осы. Жобада киелі 7 санына тізбектей отыра туған жеріміздің артықшылықтарын атап көрсетеді. Жобаның мақаласы екі бөлімнен құрылған. Бірінші бөлімде «Атқа міну мәдениеті», «Ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемнің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Алма мен қызғалдақтың отаны» атты тараулар қамтылған.

Екінші бөлімде «Архив-2025»,« Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемнің генезисі», «Ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» туралы айтылған.

Аталған тараулардың барлығы таныс. Солай ма? Себеб мұның барлығы - біздің тарихымыз. Біздің ата-бабамыз басынан кешкен, даму жолымызда болған дүниелер. Өткен шақтың болашақ үшін маңызы зор. Өсімдік түп-тамырынсыз жайқалып өспейді. Мемлекет те дәл солай. А

та-бабаларымыз қалдырған құндылықтарымыз бен мұраларымызды ұмыту ұлттық бірегейлікті жойып жібереді. Сол себепті ескілікті заман ағымына сай жаңартып, өркендеуіміз керек.