Саясат

Тоқаев тапсырмасы. Жаңа орталық құрылды. Басшысы кім?

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл ақпарат жайында Берік Уәли жазды.

Естеріңізде болса, 24 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен еді. Сол жиналыста Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы айтты.

Фейсбукте Берік Уәли орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменовтің басшылық ететінін хабарлады.

Сонымен қатар аталмыш орталық құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіргізіледі.

Орталықтың негізгі міндеттері:

- бейтарап сараптама әзірлеу;

- әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.