Саясат

Қытайдағы толқу: наразы топ бомба қолданып, террорлық әрекетке көшуде

с

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконг полициясы қаңтар айында қолдан жасалған төрт бомбаның жарылғанын хабарлады. 

Одан бөлек тағы түрлі жерге жасырылған 15 жарылғыш зат залалсыздандырылған. Бұл туарлы 5 ақпанда China Daily басылымы хабарлама берді. 

Қылмыстық топ және «Триадамен» күрес бөлімінің қызметкері Стив Ли Квай-ваның пресс-брифингте айтуы бойынша наразы топ жарылғыш заттарды күнде пайдаланатын болған, "демек террорлық әрекетке көшті деуге негіз бар" дейді.  

- Қолдан жасалған жарылғыштарды қоғамдық орындардан табу жиілеп кетті және жарақат алушылардың саны да артуда. Наразы топтың шабуыл әдісі де террорлық топтардың әрекетіне ұқсайды, - дейді Ли. 

Полиция жарылғыш затты қолданды деген күдікпен бес ер және бір әйелді тұтқындаған. Тұтқындалғандардың ішінде 17 жастағы жігіт бар. Оның үйінен жанармайдан жасалған 11 бомба табылған.