Weekend

2020 жылы 880 ауылда кең жолақты интернет желісі қолжетімді болады

Ауылдарды интернет желісімен қамтамасыз ету

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері туралы өткен Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндама жасады. 

А. Жұмағалиев айтқандай, Елбасының тапсырмасын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының елді мекендерін Интернет қызметтерімен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Қазіргі таңда елімізде 117 қала мен 3 324 ауылдық елді мекенде кең жолақты Интернет қол жетімді. Олар түрлі технологиялармен қамтамасыз етілген, олардың ішінде талшықты-оптикалық желілер, 3G және 4G желілері бар, - деді министр.

2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте ұялы байланыс абоненттері бойынша 21-орынға ие болды. 

Қазақстанда Интернет пайдаланушылар саны 2018 жылы 81,3%-ды құрады және әлемдік рейтингте Қазақстан 45-орынға ие болды.

Ауылдық жерлерді кең жолақты Интернетпен ары қарай қамту үшін 2018-2021 жылдарда талшықты-оптикалық және LTE (4G) желілерін салу жоспарлануда.

Бірінші кезең - талшықты-оптикалық желілерді салу. Жобаны іске асыру 1 250 ауылдық елді мекенде жоғары жылдамдықты ғаламтор қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. 2019 жылғы 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша талшықты-оптикалық желілер 83 ауылдық елді мекенде (оның ішінде 85 денсаулық сақтау нысаны мен 76 білім беру нысанында) іске қосылды. 2019 жылдың аяғына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады, ал 2020 жылы тағы 509 ауылды қосу жоспарлануда.

Екінші кезең - LTE (4G) мобильді байланыс желісін дамыту арқылы 3 143 ауылды: 2019 жылы – 574, 2020 жылы – 1 046 және 2021 жылы – 1 523 ауылды Интернетпен қамту жоспарлануда.