Адамға деген реніш кетеді, бірақ сенім келмейді.
Түнерген мұң жүрегімді шындық қана емдейді.
Көп жандардан көңіл қалған, өтірік айтып аһ ұрған,
Шындықты айтып шырылдасаң, елден төмен кем дейді.
Бұл күндері көзім жетті, елге шындық жақпайды.
Сөнген үміт тілегімді шындық қана ақтайды.
Бәрі қос боп жаратылған, жүрек жалғыз мендегі
Сол жүрегім тек ендігі әділ жанды жақтайды.
Өзінше бір адам болып, шындықты бір қозғаймын,
Бірақ ешкім елемейді, өтіріктен озбаймын.
Бір байқарым, елге жақпас, білем Аллам қолдарын
Сол себептен есте болсын шындықтан мен тозбаймын.
Айналама бір көз салсам жандар көп-ті түнерген.
Тағы шындық, шыны керек, өтірікпен күнелген.
Пайда, табыс, ақша үшін араласқан қуланым,
Батыр, қайсар жігіттерден із суытпай түн ерген.
Бай, денелі жігіттерден, қалайша түн суытар!?
Түнде көп қой жын-перілер жандарына жуытар.
Бұл жын-пері теңегенім - көбелектей қыздар ғой,
Алып-ұшып, ашық төсті кеудесімен буытар.
Үйдегі мал, бала-шаға, қатын жаны әлекте,
Мұны ойлап бас қатырмас сері жігіт әлбетте.
Жын-перідей ұшып-қонған көбелекке құмартпай,
Мешітке бар, жүрегіңді иманыңа сәл бетте.
Иман демек иманына иланыпта көрмеген,
Көбелектің жұмыртқасы назардан тыс қағылған.
Бұл жұмыртқа теңеуімде сәби жүрек солғынсыз,
Әжетxана тесігінен, қоқыстардан табылған.
Бұл мұнымен шектелмеген, қыздар көп-ті қараусыз,
Ұл іспеттес кесілген шаш енді қалды-ау тараусыз.
Бал татыған маxаббаттың азабынан дәм татқан,
"Пәктігінсіз" өмір сүрген қыздар көп қой жараусыз.
Экспорттап шет елдерге,көмір,газды,мұнайды.
Ал зардабын xалық көрді,зар еңіреп,мұңайды.
Білесіз бе,сіз ендігі шет елдерге алдымен
Қазақ қызын тоқал қылып, алып кету ұнайды.
Жыртық xалін жамап алсын,жіпке салып инесін.
Жалаңаштау төсі ашық,қысқа киім кимесін.
Қызыққанша таз басты шал суреті бар қағазға,
Қазақ қызы шет елдерге байға барып тимесін.
Көз жұма сап қарай білген жігіттер-ай, жігіттер,
Айтыңдаршы намыс бар ма денелі тұлға бойыңда!?
Өз-өзінен кінә іздемей, қызды келіп қорлаған,
Намыссыздар, сорлы бейбақ, қандай сөз тұр ойыңда!
Дәл осындай тауқыметтен қандай ұрпақ табылар?
Шет елдерде қазақ қызын алып - алып жалығар.
Өзге ұлтты сидырғанмен бір туының астына,
Өз ұрпағын жия алмаған "Қазақ елі" жабылар.
P/s: Асқар Дариға Ержанқызы