Саясат
"Time" журналының бас бетіндегі Қытай президентінің бейнесі
Американың "Time" журналы мұқабаға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің медициналық бетперде "киіп тұрған" суретін шығарды.
Басылымның алдыңғы беті оның ресми сайтында, сондай-ақ журналдың Twitter-аккаунтында жарияланды.
Қытай көшбасшысына арналған мақала "коронавирустың өршуі Си Цзиньпиннің Қытай дәуірі туралы арманын бұзуы мүмкін" деп аталады. Осы сурет арқылы америка тілшілері коронавирустың қытай билігі мен қоғамына қаншалықты әсер еткенін көрсетуге тырысқан.