Саясат
Халық күресі тоқтар емес
Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағындағы халық наразылығы артып барады. Коронавирус бойынша шекараны толық жаппау тек қана жастардың емес, дәрігерлердің де наразылығын туындатуда.
- Наразы топ өкілдері полиция участкелеріне шабуыл жасай бастады. 29 қаңтарда Квай-Чун полиция участкесі, ал 4 ақпанда Мон-Кон участкесін өртеп жіберді. Соңғы уақытта жасырын түрде тәртіп сақшалыра орналасқан мекемелерге от қою фактілері жиілеуде,- деп жазады China Daily басылымы.
Гонконгтегі наразылықтың жалғасып жатқанына он ай болды. Олар саяси өзгерістерді талап етуде. 2020 жылды Гонконг халқы "Азаттық жылы" деп атады.