Экономика
Тойшыл халық
"Solva" микроқаржылық компаниясы қазақстандықтардың несиелік қарыздары бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу өте қызық нәтижелерді көрсетті.
2019 жылы Қазақстанның кредиттік жүйесіне бұрын кредит алмаған 580 мың жаңа қарыз алушы енген. Олар барлығы 176 млрд теңгеден астам сомаға несие алған. Жаңа қарыз алушылар орта есеппен 303 мың теңге несие алады. Жалпы 9 млн қазақстандықтың несие тарихы бар болып шықты.
Қазақстандықтардың басым бөлігі, шамамен 76%-ы той жасау үшін және тіпті жерлеу рәсімдерін өткізу үшін несие алған. Білімге несие алатындар да өте көп екен. Бұл ретте, әдетте, студенттердің ата-аналары несие рәсімдейтін көрінеді.
- Бұл тізімдегі үйлену тойы ерекше орынға ие: несиесіз өмір сүруді қалайтындар да кейде той үшін несие алады. Жас жұбайлар мен олардың ата-аналары ел-жұрт сияқты той жасау керек деген түсінікте, - дейді зерттеуді жасаушылар.
Қазақстанда үйлену тойларының 80%-ға жуығы несие қаражатымен жасалған болып шықты.