Саясат
Трамп сабыр сақтауда
Қытай президенті Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп 7 ақпан, жұма күні таңертең коронавирусқа қарсы күрес және оның экономикаға ықтимал әсерін талқылады, деп хабарлайды Қытайдың орталық теледидары.
- Қытай үкіметі мен халқы коронавируспен күресу үшін барлығын жасауда, - деп арна Қытай басшысының сөзін келтіреді.
Си Цзиньпин, сондай-ақ, пневмонияның таралуы Қытайдың экономикалық дамуын тежей алмайтындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде Дональд Трамп Вашингтон коронавирусқа қатысты жағдайға «сабырлықпен қарауға» уәде берді.
Сондай-ақ, Трамптың Қытайға коронавируспен күресте көмек ұсынғандығы туралы хабарланды.