Саясат

Ақ үй Йеменде «әл-Каида» жетекшісінің жойылғандығын растады

Касем ар-Райми АҚШ президентінің нұсқауымен жүргізілген антитеррорлық операция кезінде өлтірілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Йеменде әскери операция өткізіп, «әл-Каида» лаңкестік тобының жетекшісі Касем ар-Раймиді өлтірді. 

Бұл туралы Ақ үйдің бейсенбі, 6 ақпанда таратқан мәлімдемесінде айтылады деп хабарлайды "Корреспондент" басылымы. 

- Президент Дональд Трамптың басшылығымен Америка Құрама Штаттары Йеменде антитеррорлық операция жүргізді, оның барысында Араб түбегінде «әл-Каиданың» негізін қалаушы және жетекшісі, әл-Каиданың басшысы Айман әз-Завахиридің көмекшісі болған Касем ар-Раймидің көзі жойылды,- делінген хабарламада.