Денсаулық

Коронавирусы туралы алғаш ескерту жасамақ болған қытай дәрігері қайтыс болды

Халықтың наразылығын туғызды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирустың тарауы туралы алғаш ескерту жасауға тырысқан қытай дәрігері қайтыс болды. Ол өзі жұмыс істейтін ауруханада көз жұмды, деп хабарлады "BBC News" агенттігі.

Хабарға сәйкес, Ли Уынляң Ухан орталық ауруханасында жұмыс істеген кезде вирус жұқтырған.

Ол 2019 жылдың 30 желтоқсанында дәрігерлерге ескерту хабарлама жібереді, бірақ полиция оған «жалған ақпарат жолдауды» доғаруды айтқан.

Офтальмолог дәрігер Ли алғашқы ескертуін жібергеннен кейін бір айдан соң аурухананың төсегінен Қытай әлеуметтік сайты «Weibo»-ға бастан өткізген оқиғасын жариялады.

34 жастағы ол 2003 жылы жаһандық індетке алып келген Сарс вирусына ұқсайтын жеті жағдайды байқады. 30 желтоқсанда ол сөйлесу тобындағы басқа дәрігерлерге инфекцияның алдын алу үшін қорғаныс киімін кию керектігін ескертеді.

Төрт күннен кейін оны Қоғамдық қауіпсіздік бюросына шақыртып, оған хаттамаға қол қойғызады. Хаттамада ол «әлеуметтік тәртіпті өрескел бұзған, жалғанақпарат таратқан» деген айыптаулар жазылған болатын.

Ол «қауесет таратқаны» үшін полиция тергеп жатқан сегіз адамның бірі болды, кейінірек жергілікті билік доктор Лиден кешірім сұрады.

«Weibo» жазбасында ол 10 қаңтарда қалай жөтеле бастағаны, келесі күні ыстығы көтеріліп, екі күннен кейін ауруханаға түскені туралы сипаттайды. Сөйтіп, оған 30 қаңтарда коронавирус диагнозы қойылды.

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, Вирус қазірге дейін 31 161 адамға жұғып, 636 адамның өмірін қиған. Бейсенбіде жаңадан қаза тапқандар саны 73 болған.