Көзқарас

Жеңгетайлықтың орнын әлеуметтік желі басуда...

Ақыл айтар ақылды адам бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түпкіл дүниенің төрт бұрышын тоғыстыратын интернет желісі - қазақтың қылықты қызы мен шабандоз ұлын табыстырған жеңгетайлықтың орнын басуда. 

Талай жастың басын біріктіріп, шаңырағын тіктірген, ауыл  мен ауылдың, аймақ пен аймақтың қызы мен ұлын таныстырған ақ пейілді жеңгелеріміздің орны ел арасында ерекше болса, "жеңгетайлық" ұғымы ата дәстүрдің ортасынан ойып тұрып орын алатын салтымыз. Екі ортаның алтын көпірін тұрғызып, жастарды сол көпірдің иелеріне айналдырып, табыстырып отбасының бастауы ететін. Ал қазір сол жеңгелеріміздің қызметі қалай өрбуде? Кім өрбітуде?

Қазіргі уақытта әлеуметтік желімен танысып, танысып қана қоймай табысып, артын тойға ұластырып жатқан жастарды жиі кездестіреміз. Әрине теңін тауып, тағдырдың тамаша сәттері мен бал күндерін бәрге өткізгеніне не жетсін... Дегенмен барлығын дерлік жарқын болашақ, жақсы жар күтіп тұрмағаны тағы бар. Сол секілді интернеттің алдауына түсіп, арбауына алданып абақтыдай шырмауынан шыға алмай опық жегендер де қаншама.

Міне сол себепті Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай мәңгілік жүректегі махаббат пен кіршіксіз таза сезімнің символына айналған кейіпкерлердің адам махаббатын, шырайлы сезімін,пәк пейілі мен сөнбес сүйіспеншілігін ғаламтордың арғы жағынан емес, тағдырдың талабынан, болашақтың бағыты мен әлемнің сыйынан жолықтырсақ, "махаббат" дейтін ұғымды екі есе жандандырмақшымыз!