Weekend

Сананы жаулаған ғаламтор

Қоғам ба, адам ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXI ғасыр - әлеуметтік желі ғасыры. Ғаламторды қалай, қай мақсатта, қаншалықты пайдаланған дұрыс? Сіздің ойыңызша жиі пайдалану, сол жиі пайдаланған ғаламтордың сананы жаулауы деген не?

Қазіргі таңда екінің бірінде ұялы телефон және әлеуметтік желісі бар екендігі рас. Яғни, бұл дегеніміз адамдардың көбісі дерлік кең жаһанның төрт керегесін тоғыстыратын ғаламторды пайдаланады деген сөз. Тек пайдаланып қана қоймай әлеуметтік желісіз өмірлерін елестете алмайтындар да бар десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, сол ғаламторды пайдалы дүниеге жұмсайтындармен қатар бос уақыттарын сарп етіп, алып келер пайдасы жоқ дүниелерге ойын бөліп, көгілдір экраннан көз алмай отырып қалатындар да бар. Шын мәніне келер болсақ өскелең ұрпаққа ақыл айтар аға буындарымыздың өзі санасын ғаламторға жаулатқан іспеттес. Үй ішінде болсын, жұмыс орнында, демалыс жерлерінде, демалыс күндеріндегі сәттерін де ұялы желімен өткізуде. Бұл қазіргі таңдағы өркендеу, өсу, даму ма? Әлде қоғам проблемасы ма?

Сан ғасырлық құнын жоғалтпай санаға ой салып, жадымызға білім бітірген кітаптың орнын да осы ғаламтор басып бара жатыр. Бұл жағдайды былай қойғанда әлеуметтік желі арқылы бар өміріндегі күн көрісін көрсетем деп ұрыға жем болып, алданып қалған жандарға не дерсіз? Иә, шын мәнінде де ғаламтор санамызды жаулап бара жатыр.Бұл қорқынышты ой ғана емес,бұлыңғыр болашақ. Сананы сан түрлі бояуға бояп гүлдендіру де, түтінмен бұлыңғырлау да өз қолымызда. Адам әр уақытта болашақтың таңдауын өзі жасайтындығын ұмытпағанымыз абзал!