Шолу
130 ұлттың бірі
Әлеуметтік желіде полиция мен белгісіз азаматтардың арасындағы қақтығыстың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Адырна.
Басылымның жазуынша, оқиға Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында болған екен. Оқиғаның мән-жайын сұрастырғанымызда 80-дегі басы пласмасс, жүрегі ауру ақсақал мен екі баласын жергілікті дүнгендер балғамен, арматурамен соққыға жығыпты. Қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлерді ұстауға барған полицияларға қарсылық көрсетіп, заң қызметкерлерін ұрған.
- Әншейінде, митингіге шыққан кемпір-шал мен бала-шағаны қойша тиейтін полиция бұндай қарсылықты күтпесе керек. Абдырап қалғандары видеода анық байқалады, - деп жазады басылым.
Кеш бата оқиға мүлде басқа сипат ала бастады. Дүнгендер мылтық алып шығып ата бастаған. Көліктерді таспен ұрып, қиратқан. Үйлерді өртеуде.
Қазақ қолың сынса жең ішінде,басың жарылса бөркінің ішінде ,ештеңе етпейді, олар қонақ ғой деп әбден басындырды. Қазақ өз елінде өгейдің күнін кешуде. "Итті күшігім деген сайын аузыңды жалайды дегендей, толеранттылық пен көпұлттылық түбімізге жетті. Кеше түрік, алдында шешен, бүгін дүнген. Қазақ Қазақстанда тұратын 130 ұлттың өкілінен таяқ жеу керек пе?
Жергілікті ұлт өкілін ұрғаны үшін, полицияға қарулы қарсылық көрсеткені үшін қылмыскерлерді аяусыз жазалануын талап етеміз!