Саясат

Жергілікті БАҚ-та Қордайда қаза болғандардың тізімі жарияланды

Жамбыл облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның дүнгендер қауымдастығы дерегіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан қаза болғандардың тізімін жариялады:

  • Исыров Баху, 1988 жылы туған
  • Чонтей Абдула, 1986 жылы туған
  • Харсанов Рам
  • Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі
  • Шисыр Рахим
  • Хишанло Сулейман
  • Лохаш Лугмар
  • Киров Исхар.

Ресми орындар бұл тізімді әзірге растаған жоқ. Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Ішкі істер министрлігі 8 адамның өлгенін, 40-тан астам адамның жарақаттанғанын хабарлады. Полиция "Адам өлтіру" және "Тәртіпсіздік ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жанжалдан кейін полиция 47 адамды ұстағанын хабарлаған.

8 ақпанда күндіз Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғындары қамаудағыларды босатуды талап етті. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, оқиғаны каска киіп, қалқан ұстаған омон жасақтары бақылаған. Кейбір тұрғындар "наразыларға" қазан асып, шәй қайнатып тамақ таратқан. 8 ақпан кешке қарай да тұрғындар тарқамады.

Наразылармен "диалог орнатуға тырысқан" Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов соңғы келгенінде "47 азамат босады" деп айтқан. Әкімнің сөзіне сенімсіздік танытқан тұрғындар оларды автобуспен әкеліп, осы жерде көзінше босатуларын сұраған.

Жанжалға бір-бірімен өзара жапсарлас жатқан ауылдардың бірінде қарияның соққыға жығылуы түрткі болған деп айтылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қордай ауданындағы тәртіпсіздікке тұрмыстық сипаттағы жанжал себеп болды деді.