Әлем жаңалықтары
Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады
Қытайда шыққан 2019-nCoV коронавирусына, Novel Coronavirus Pneumonia (NCP) уақытша атауы берілді. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Бұл атау ағылшын тілінен "коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония" деп аударылады. Хабарламада айтылғандай, бұл - уақытша шара. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруға тұрақты, ресми халықаралық атау әлі берген жоқ.
9 ақпандағы мәліметтер бойынша Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 37 мыңнан асты, 811 ауру көз жұмды.