Weekend

Өлмейтіндердің мекені

100 жастан асқан адамдардың саны бойынша рекордтық көрсеткішке жеткен ел

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапониядағы Окинава елді мекенін «Өлмейтіндердің мекені» деп те атайды. Себебі, мұнда 100 жастан асқан жүздеген адам өмір сүреді. 

2017 жылы Жапонияда 90 жастан асқан адамдардың саны 2 миллионға жеткен болатын. 2018 жылы маусымда әлемдегі ең кәрі адам, 117 жас жасаған, жапондық Тие Мияко қайтыс болды. Ал қазірде әлемдегі ең кәрі адам Кане Танака 115 жаста. Ол Жапониның Фукуоке аймағында тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылғы деректеріне сүйенсек Күншығыс еліндегі орташа өмір сүру ұзақтығы – 84,2 жас. Ер адамдар орташа жас мөлшері – 81,1 жас, әйел адамдарда – 87,1 жас.

Жапондықтардың ұзық өмір сүруінің құпиясы неде? Мұны мамандар дұрыс диетаны ұстанғандықтан деп түсіндіреді. Жапондықтардың тамақтану тізімінен ойып тұрып орын алатыны – жүрек қан тамырларына пайдалы балық, май қышқылдарына бай дәрумендер. Басқа танымал өнімдерге – рак ауруының және атеросклероздың белгілі бір түрлерін дамыту қаупі төмен – тофу, теңіз балдыры, сегізаяқ жатады.

Жапония – денсаулық сақтау саласы бойынша әлемдегі ең қолжетімді ел. Үкімет осы сала бойынша кез келген ел азаматының 70% шығынын, ал табысы аз азаматтардың 90% шығынын өтейді екен.

Ал 2018 жылы Күншығыс елінде 100 жастан асқандардың саны 70 000 болып, рекордтық көрсеткішке жеткенін айта кетейік.