Weekend

Жолыңыз болмады: Енді не істейміз?

Еріншектің ертеңі қашан?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Неге сіздің жолыңыз болмайды? Мұның 10 себебі бар. 

Психолог мамандардың кеңесі:

Жетістікті бірнеше тәсілмен бағалап беруге болады. Ал сәтсіздікті түсіндіру өте қарапайым. Алға қойған мақсатыңызды, берілген тапсырмаларды орындай алмадыңыз. Мейлі оны біреу тапсырсын немесе өзіңіз қойған болсаңыз да.

Неге бәрін дұрыс жасамаймыз және ешқандай жетістікке жетпейсіз? Осыны қарастырып көрейік!

1. Сіз уақытты бағаламайсыз!

Жолы болмағыштар уақытты бағаламайды. Кез келген табысты адам сізге уақыттың ең құнды ресурс екенін айтады. Тіпті жетістікке жеткен адамдар уақытты ақшадан жоғары қояды.

Ал сіз немен айналысасыз? Twitter-дегі лентаны оқыдыңыз, Adme.ru мен Fishki.net сайттарында тұралап қалдыңыз, Facebook пен ВКонтактеде суреттерге лайк бастыңыз.

Бірақ әр жыл сайын өзіңізге жоспар құрасыз. Әр жыл сайын өзіңізге «осы жылы жұмыс жасап, жағдайым жасап аламын» деп уәде бересіз. Әр жыл сайын әртүрлі арман. Сіздің жоспарыңыз ешқашан орындалмайды. Өйткені орындалуы тиіс міндеттерге қажетті уақыт бөлмейсіз. Уақытты басқаруды үйреніңіз, «жоқ» деп айтуды үйреніңіз — бұл сіздің өміріңіздегі кез келген ортада жетістікке бастаушы сәтті қадамдардың бірі болмақ.

2. Өз мақсатыңызға сәйкеспейтін заттарды жасайсыз

Аутсайдерлер құр жұмыс жасауды өнімділікпен шатастырады. Олар таңнан кешке дейін құр жұмыс жасау арқылы өнімділікке қол жеткіземіз деп шатасады. Сондықтан жол болмағыштар бәрін жиып бірден жасауға ұмтылады. Нәтижесінде бар күші зая кетеді. Бар ынта-жігерін тек бір-ақ нәрсеге салмайды, ол — өз мақсаты мен құндылығына.

Өз мақсатыңыз бен оның орындалу стратегиясын жазыңыз. Бұл сізге қай бағытта жүру керектігін айқындап береді.

3. Жауапкершілікті өз мойныңызға алмайсыз

Өз жұмысыңыз өзіңізге ұнамай ма? Бұл сізге жұмысты орташа жасай салудың сылтауы емес. Сізге жұмыс орнында болып, тапсырмаларды сапалы орындау үшін қаржы төлейді. Айналаңыздағы жағдайлардан тәуелсіз болуға ұмтылу керек. Бұл кемелдену мен кемеңгерлік деп аталады. Жолы болмаушылар үшін төмен көрсеткіштер жеткілікті болып көрінеді. Олар бұдан да жақсырақ көрсеткіш көрсетуді ойламайды.

4. Өзіңізді шектемеңіз

«Мен есептеу жағынан онша емеспін», «Мен тілдерді үйрене алмай жатырмын», «Менің миым бағдарламалауды үйренуге күші жетпейді», "Өз бизнесімді жүргізуге шыдамдылығым жетпейді" — бұл жолы болмаушылардың сөздері.

Олар өз-өздерін шектейді. Жұмыс жасау қабілетіңіз бен дағдыларыңыздың шектеулі екен дегенді ұмытыңыз. Айналаңыздағылар менен ақылды деп ойлауды доғарыңыз. Бұл дұрыс бағыт емес. Мақсатыңызға жетуде бар күшіңізді салыңыз. Сонда ғана сіз жетістікке жетесіз.

5. Сіз ақталудың шеберісіз

Жол болмаушылар әр сәтсіздіктерінен қисынсыз себеп іздейді. Олар оны ақырында табады. «Реалист болу» дегенді олар басқаша түсінеді. Әрқашан өз әрекетсіздіктерінен ақталуға тырысады. Бұның орнына жәй ғана шаруаны аяқтап тастауына болатын еді. Миымыз ақталуға сылтау іздей бастағанда, оны тоқтатып, бір нәрсені жасауға итермелейтін ынта-жігерді іске қосуымыз қажет.

6. Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай алмайсыз

Жол болмаушылар әлеуметтік дағдылардан жұрдай болады. «Мен осындаймын және осыған көнемін» — бұл да жолы болмаушылардың сөзі. Олар өздерін ешқандай негізсіз тәкаппар сезінеді. Боямашылықты кім ұнатады? Міне, ондай әдеттерден аулақ болайық!

Өзіңе ұнайтын жандарға жағымды әрі сыпайы боп көріну қиын емес. Ал сіз өзіңізге ешқандай пайда әкелмейтін адамдармен дәл осылай қарым-қатынас жасап көріңіз.

Адамды танып-білудің ең ұтымды жолы — жүріс-тұрысына, мінез-құлығына және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына мән беру. Сонымен қатар, тағы бір керемет жолы — оның бір затын бүлдіргендегі сізге деген реакциясын көру.

7. Бәрін кейінге шегересіз

Олар ешқашан уақыттың қадірін түсінбейді. Кешегі күнгі өмірмен сүре бергенді қалайды. Жолы болмаушылар тағы бір өмірлері бар сияқты өмір сүреді. Бірақ ешкімде мына өмірді тоқтатып немесе оны артқа қарай жылжыта алатын мүмкіндік жоқ.

Сіз туылғаннан бастап өлімге келе жатқаныңызды ұғыныңыз. Әр күн тосын сыйға толы. Не істегілеріңіз келсе, өз еркілеріңізде, бірақ ертеңге күннің болар-болмасына ешкім кепілдік бермейді.

8. Сіз қимылдамайсыз

Бұл жолы болмаушыларға арналған ең қарапайым ереже. Олар қимылдамайды, тек ойланып қана жүреді. Әдемі сөйлейді, керемеи армандайды және жоспарлайды. Бірақ оларға осыны іске асыруға итермелейтін күш жетпейді. Қиялдай бергенді доғарып, іске кіріс!

9. Қиыншылықпен күресе алмайсыз

Мынадай бір аңыз бар. Бұрындары бір қойшы болыпты. Оның бойы кішкентай болған және ол ешқашан шайқасып, соғысқа қатысып көрмеген. Бірде ол өзінен алып адамға: «Мен сені жеңіп, басыңды аламын!» дейді. Ол дәл солай жасайды.

Кез келген сынақтың қиыншылығын сіз қалай көргіңіз келсе, дәл солай болады. Жолы болмаушылар солай түсініп, дискомфорт болған кезде бірден беріле қояды.

Тікенсіз раушан, еңбексіз ұрпақ және найзағайсыз кемпірқосақ болмайды. Адам сынақтан өтіп, шыңдалған сайын өз мақсатына бір қадам жақындай түседі. Бұл бізді өзіміз армандаған биік шыңдарға жетелемек. Өз қорқынышыңыздан қорықпаңыз, керісінше онымен күресіңіз. Осы арқылы сіз өзіңізге жаңа мүмкіндіктердә аша түсесіз.

Иә, иә, комфортты зонадан шығуыңыз керек. Өз күшіңді білу үшін, алдымен шайқасқа түсуің керек.

10. Сіз немқұрайлысыз

Сіздің жеке пікіріңіз жоқ, сондықтан шешім қабылдай алмайсыз. Әріптесіңізбен сұхбаттасу кезінде танымдық әңгімелерді жалғастыра алмайсыз. Өз салаңыздан тыс тақырыпта ашық сөйлесе алмайсыз. Жолы болмаушылар бәрін өзі сияқты ойлайды деп түсінеді. Адам оқып тоқымаса, мектептен кейін білім алуға ұмтылмаса ешқашан дамымайды.