Саясат
Халық қуана қойған жоқ
Мәскеуде президент Владимир Путиннің алып портреті ілініп, пранк жасалды. Портрет көпқабатты тұрғын үйлердің біріне, лифтісіне орнатылған екен.
Портретті пранкерлер іліп, камераны жасырған. Видео Youtube-тағы "Блог бабули" арнасында жарияланды. Идея авторы белгілі блогер Башир Дохов.
Жалпы роликте жиырма шақты тұрғынның эмоциялық реакциясы көрсетілген. Тұрғындар Путиннің портретіне қуана қоймаған, керісінше былапыт сөздер айтқан.
"Сайтан алғыр, мынау қайдан тұр", "Бұдан жаман күн болмас", "Ремонттан кейінгі ең жаманы осы болар" деген ой білдірген тұрғындар.