Саясат

Израиль «ғасыр келісімі» бойынша жоспар құра бастады

Бұл келісім орын алса, жергілікті халық қысым көреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жерлердің картасын жасауға кірісті.

Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхқа сілтеме жасай отырып хабарлады. Вашингтон ұсынған "ғасыр келісімі" шарттарына сәйкес, бұл аумақ Израильдің құрамына енуі тиіс. 

- Біз мұны 1967 жылдан бастап күттік, - деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі.

Картаны әзірлеу үшін арнайы комитет құрылды. Үкімет төрағасының айтуынша, дайындық процесінің шамамен жартысы аяқталды. Ол карталарды дайындау көп уақыт алмайды деп мәлімдеді.

Сарапшылар пікірінше, егер бұл жоспар орындалса, арабтар мен еврейлердің арақатынасы одан сайын ушыға түсуі мүмкін. Палестина басшысы Махмуд Аббас, өз кезегінде, елдің Америка Құрама Штаттарымен "барлық қарым-қатынасты үзіп" жатқанын мәлімдеді.