Weekend
Маскулизм бен маскулинизм
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМаскулизм (латынша masculinus «ер» сөзінен шыққан) - ерлерге қарсы сексизмді жою және әйелдермен құқықтарды теңестіру мақсатында қалыптасқан қоғамдық-саяси қозғалыс.
Оның қоғамдағы көріністеріне, өмірдегі гендерлік теңдіктің ерлер мен ұлдарға зиян келтіретін салалары жатады. Маскулисттердің пайымдауынша, ер адамдар өздерінің жынысына байланысты әділетсіз қарым-қатынасқа шыдайды. Сондықтанда әр түрлі әлеуметтік практикада қалыптасқан стереотиптерді жою керек деп есептейді. Осы ретте маскулизм мен маскулинизммен шатастырып алмауымыз қажет. Маскулинизм дегеніміз - ерлер мен ұлдар үшін дәстүрлі болып саналатын атрибуттарды (пікірлер, құндылықтар, қатынастар, әдеттер) растауға бағытталған идеология болып табылады.
Философ Феррелл Кристенсен маскулизмді феминизмнің аналогы ретінде қарастырады. Бірақ та әйелдерді өз жынысын ерге ауыстыратын болса, онда ерлердің қасиеттерін насихаттауды маскулинизм деп атауға болады. Саясаттанушы Джордж Дуерст-Лахтидің пікірінше, ертедегі гендерлік-эгалитарлық ерлер қозғалысының этикасын білдіретін маскулизм мен патриархия идеологиясына жататын маскулизмнің бірнеше ерекшеліктері бар.
Кристенсен маскулизм идеясын «прогрессивті маскулизм» мен «экстремистік нұсқа» деп екі түрге бөледі. Алғашқы топ, феминистер алға тартатын көптеген әлеуметтік өзгерістерді қолдайды. Оған қоса әйелдерге қарсы сексизмді төмендетуге бағытталған кейбір шаралар, керісінше ер адамдарға қатысты сексизмді арттырады деп сенеді. Ал экстремистік нұсқа белгілі бір дәрежеде ерлердің артықшылығын алға тартады. Николас Дэвидсон «Феминизмнің сәтсіздігі» кітабында аталған маскулизмнің экстремистік нұсқасын «виризм» деп атайды. Және де «Қоғам феминизациядан зардап шегеді. Қоғамды түзету әйелдердің ықпалын төмендету және ерлер құндылықтарының әсерін арттыруды талап етеді» деп айтады. Бастапқыда гиноцентрлік және феминистік көзқарастарға бағытталған гендерлік зерттеулер, кейінірек қоғамда ер адамдарға көрсетілетін қысымдарды зерттеуге бағыттады. Осылайша қазір ерлер мәселесіне көп көңіл бөлінуде.