Weekend
Білгенге маржан...
Елі – бір саусақтың қалыңдығы, бір еліге тең, екі саусақ – екі елі, үш саусақ – үш елі, төрт саусақ – төрт елі;
Тұтам – жұмыр затты тұтамдап қысып ұстағандағы қалыңдық;
Сынық сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
Сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
Кере қарыс – бас бармақтың ұшы мен кішкене саусақтың ұшын кергендегі ара қашықтық;
Қарыс – бас бармақ пен төртінші саусақты кергендегі ара қашықтық;
Білем – қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық;
Шынтақ – қолдың басы мен қолтықтың аралығы;
Құлаш – әркімнің құлашы өз бойына тен;
Кез – байырғы ұзындық өлшемі. Парсы тілінен аударғанда шынтақтың ұзындығы дегенді білдіреді. Ол 62 см-ге тең.