Шолу
Қытай елшісі коронавирусты қолдан жасалған ауру дегенге жауап берді
Елшінің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні аталмыш індет туралы айтылатын ақпарат пен пікірлердің санында шек жоқ. Солардың бірі – «коронавирус АҚШ немесе Қытайдың қолдан жасаған індеті» деген мәлімет.
Тянькай бұл ақпараттың нағыз сандырақ екенін айтып өтті. Сонымен қатар бұл аурудың қайдан, қалай пайда болғаны белгісіз екенін де айтты.
Елшінің айтуынша, аталмыш ауру бір жануардан жұққан. Бірақ бұл нақты мәлімет емес.
Бүгінгі күні коронавирустан көз жұмғандардың саны 908 болса, оны жұқтырғандардың саны 40,1 мыңнан асыпты. Сонымен қатар ауруханадан 3281 адам шығарылған.