Weekend
Жазатайым оқиға...
Киевте пойыз белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан 17 жастағы қызды қағып кетті.
Бұл туралы Украина астаналық полициясының баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы жағдай Соломен ауданындағы "Протасов Яр" станциясында болды. Темір жолды кесіп өткен қыз жақындап келе жатқан пойызға назар аудармаған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші сигнал берген, бірақ жәбірленуші құлаққап кигендіктен естімей қалғанға ұқсайды. 17 жастағы тұрғын оқиға орнында қаза тапты.