Денсаулық

Солтүстік Корея неге коронавирус жұқтырған жоқ?

Ойланатын мәселе...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай елімен көршілес жатқан елдердің арасында тек Солтүстік Корея ғана коронавирус "жұқтырған жоқ" деп жазады, CNN.

Телеарна бұл фактіні күдікті деп санайды, өйткені коронавирус Қытайдың Ухань қаласынан табылғанына екі айдай болды. КХДР «әлемдегі ең кедей елдердің бірі»  әрі Қытаймен шекаралас бола тұра, вирустан аман қалды. Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда 43 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 1018 адам қайтыс болған.

Пхеньянның жолы болды немесе жасырып отыр бәрін, - деп ИноТВ арнадан үзінді келтіреді.

Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау агенттігінің бұрынғы директоры Нам Сонг Уктың айтуынша, 25 миллион солтүстік кореялықтың біреуі болсын жұқтыруы мүмкін деген болжам айтады.